Fizmat Chess Open 2023

"Fizmat Chess Open 2023" жылдам шахматтан Халықаралық турнирін Fizmat Endowment Fund қоры және Қазақстандық Шахмат Федерациясының қолдауымен Алматы РФММ ұйымдастырды.

Турнирге 6 елден: FIDE, Қырғызстан, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 300-ден астам оқушы (1-9 сыныптар) қатысты.

Турнирдің жүлде қоры 1000000 теңгені құрады. Жарыстың басты жүлделері - РФММ-нен оқуға арналған 2 демеушілік грант: үздік нәтиже көрсеткен ұл балаға 1 грант, үздік нәтиже көрсеткен қыз балаға 1 грант.

Турнир Швейцария жүйесі бойынша FIDE есебімен 10 турда өтті, партия уақыты 10 минут + 2 секунд әр жүріске қосылады.

Марапаттау рәсімі, құрметті қонақ - халықаралық гроссмейстер, Алматы қаласы Шахмат Федерациясының президенті Жансая Абдумаликтің қатысуымен өтті.